Ол 1992 жылы туған Мехмет Өзтүрк болып шықты.
Түркия бір күн бұрын Стамбулдың орталығында теракт жасаған жанкештінің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Anadolu агенттігі. Террорист Махмет Өзтүрік болып шықты. Оның жеке басы туыстарынан алынған қан сынамаларының ДНҚ сараптамасын талдаудан кейін анықталды.
«Осы сұмдық лаңкестік әрекетті жасаған жанкештінің жеке басы анықталды. Ол Газиантеп провинциясында тіркелген 1992 жылы туған Мехмет Өзтүрк болып шықты. Қолда бар деректер оның «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қызметіне қатысы барын көрсетеді», - деді Түркияның ішкі істер министрі Афкан Ала Анкарада өткен баспасөз мәслихатында.
Хабарланғандай, Ыстамбұл орталығында лаңкестік оқиға туристер арасында танымал Истиклал көшесінде болды. Шабуылдан бес адам қаза тапты - жанкешті, американдық азаматтығы бар үш израильдік және бір ирандық. 36 адам зардап шекті, оның ішінде 11 Израиль азаматы.
Қаза тапқан израильдіктердің сүйегі бар табыттар жексенбі күні таңертең үйлеріне жіберілді. Израиль үкіметі өз азаматтарына Түркияға бармауды ескертті.
Түркия ИМ-ге қарсы АҚШ бастаған халықаралық коалицияға қатысушы елдердің қатарында. Ол өзінің Инжирлик әуе базасын Сирия мен Ирактағы жиһадшылардың позицияларына рейд жүргізетін коалиция ұшақтарына қолжетімді етеді.
Бұл Түркия ИМ содырларының шабуылына бірінші рет айналып отырған жоқ. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ыстамбұлдағы жарылыстан 12 неміс туристі қаза тапқан болатын.
Ақпарат көзі: Корреспондент



