Түркия премьер-министрі 30 жылдан бері жалғасып келе жатқан лаңкестіктің ғана емес, ұзақ жылдарға созылған мәселенің де аяқталатынын айтты.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған қазір Түркия үшін қараңғы дәуірдің есіктері жабылып жатқанын айтты.
Сенбі күні Ыстамбұлдағы кездесуде сөз сөйлеген Ердоған 30 жылдық терроризм ғана емес, сонымен қатар ұзақ жылдарға созылған проблема күрд мәселесін шешу процесімен аяқталады деп қосты.
Бүгін Түркияның жаңа кезең мен жаңа лигаға аяқ басып жатқанын айтқан Ердоған соңғы он жылда террор ұйымымен табанды түрде күрескен үкіметтің енді мақсатына жеткенін айтты.
PKK лаңкестік ұйымы басшыларының бірі Мұрат Карайылан жақында ПКК террористтерінің Түркиядан 8 мамырда шығарылатынын айтты. Шығарылатыны туралы мәлімдеме ПКК-ның түрмедегі басшысы Абдулла Ожаланның түрік барлау қызметімен келіссөздер аясында атысты тоқтатуға шақыруынан кейін жасалды. шенеуніктер ондаған мың адамның өмірін қиған отыз жылға жуық қарулы қақтығысты тоқтатуға міндеттенді.


