Анадолы ақпарат агенттігі
Түркия премьер-министрі Францияны Әзірбайжан мен Армения арасындағы Жоғарғы Қарабаққа қатысты қақтығысты реттеуді қамтамасыз ету мақсатында Минск тобының мүшесі болудан шығуға шақырды.
«Франция армяндардың айыптауларын жоққа шығаруды жазалайтын заң қабылдау арқылы [Жоғарғы Қарабақ дауында] бір жағына шыққанын анық көрсетті. Сондықтан ол Минск тобынан шығуы керек», - деді Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжан ұлттық ANS телеарнасына берген сұхбатында. Ол Франция президенті Николя Саркозидің армяндармен қарым-қатынасында ешқашан әділ әрі шынайы болмағанын, сондықтан оның Минск мүшесі ретіндегі пікіріне сенуге болмайтынын айтты. Өткен айда Франция парламентінің жоғарғы палатасы армяндардың айыптауларын жоққа шығаруды жазалайтын заң қабылдады. Минск тобы – ЕҚЫҰ-ның Таулы Қарабақтағы даулы аумақты бейбіт, келіссөздер арқылы шешуге бағытталған бастамасы.



