Түркия билігі Анкарадағы жарылыстан кемінде 28 адам қаза тауып, 61 адам жараланды деп хабарлады.
Жарылғыш заттарға толы көлік әскери автобустар өтіп бара жатқанда іске қосылды. Жарылыс парламент пен Түркияның әскери штабына жақын жерде болды.
Түркия билігі мұны «террорлық акт» деп атады.
Құрбан болғандардың кейбірі бейбіт тұрғындар.



