Түрік қарулы күштерінен алынған мәліметке қарағанда Газиантеп шекара аймағында Сириядан Түркияға заңсыз жолмен өтпек болған ДАИШ мүшесі деп танылған 10 адам ұсталды. Сөз болып отырған адамдардың бірінің жанкешті екені және жарылуға дайын бомбамен ұсталғаны хабарланды.



