Түркияның күрдтердің «астанасында» коменданттық сағат енгізілді.
Негізінен күрдтер тұратын Диярбакыр қаласында Күрдістан жұмыс партиясы өкілдері мен түрік қауіпсіздік күштері арасында жаппай қақтығыс болды. Қалада коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат жаңалықтар.
«Қақтығыстардың нәтижесінде Диярбакырдың орталық аймағында айтарлықтай өрт шықты, қалада атыс пен жарылыс естіледі», - делінген хабарламада.
Қаладағы кейбір жолдар ПКК радикалдары мекендеген аймақтарға көлік қатынасын үзу үшін жабылды.
Қауіпсіздік күштері броньды көліктер мен тікұшақтарды пайдаланды.
Еске сала кетейік, 13 наурызда Анкара орталығындағы аялдамада жарылыс болды. Теракт салдарынан 37 адам қаза тауып, 125 адам жарақат алды. Түркия билігінің хабарлауынша, шабуылды Күрдістан жұмысшы партиясының (PKK) мүшесі болған ер адам мен әйел жасаған.



